386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атақты Тайқазан құйылған жер – Қарнақ ауылының тарихы зерттеуді қажет етеді

  • 1912
  • UPD: 21:30, 27.05.2018

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қарнақ ауылының тарихы әлі де зерттеуді қажет етеді.

Мәселен бұл елді мекенде 14-ғасырда Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі қазіргі Тайқазан құйылған болатын. Бұл туралы «Қарнақ – орта ғасырдағы ағартушылық пен білім ордасы» атты ғылыми-халықаралық конференцияда белгілі болды. Тайқазан құйылған орында 1 мың 300 жылдан бері тұт ағашы өсетін көрінеді. Сондай-ақ Қарнақта ертеден - білім мен ғылым дамыды. Тарихқа назар аударсақ, 19-20 ғасырдың басында Қарнақта 4 медресе жұмыс істегендігі айтылады. Өткен ғасырларда қазақ даласының ұлы зиялы-ғұламаларының көпшілігі алғашқы сауаттарын осындағы медреселерде ашқандығы белгілі. «Қарнақ» атауының ғылыми этимологиясы әлі де жасалмаған. Соған байланысты халық арасында кереғар пікірлер көп. «Қарнақ» атауының шығуы туралы әртүрлі аңыздар, деректер кездеседі. Ғылыми-теориялық конференцияны қорытындылаған мамандар енді мұнда ескерткіш орнатылып, туристік кластерді дамыту үшін игі бастамалар қолға алынатындығы туралы шешімге келді. Сондай-ақ тарихта бай ауылдың орта ғасырда ағартушылық пен білім ордасы болғанын дәлелдейтін зерттеу жұмыстары тереңдетіледі.

Мекемтас Мырзахметов, ғалым, ф.ғ.д профессор:

- Қарнақ Әз Тәукенің тұсында зертхана яғни қару-жарақ жасайтын ортаға және хандардың балаларын тәрбиелейтін ортаға ағартушылық білім беру осы жерден басталған болатын. Қарнақтың осындай ролі бар. Кішкентай ғана сол кезде қала болған. Тайқазанда осында соғылған. Оны соғу өнер ғой үлкен. Ол өнер осы жердің адамдарының қолынан келген.

Жамбыл Артықбаев, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры:

- Қарнақ тек қана мешіт медресселерімен белгілі емес. Елшілерде осы жерге түсетін болған. Қазақ хандығына келген елшілер Түркістанға ханға жолығуға келген. Осы жерде арнайы қонақ үйлер болған. Яғни Қарнақтың тарихы Қазақстан мемлекетінің сыртқы тарихымен де байланысты.

Хабар 24 телеарнасы