386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай әуежайындағы оқыс оқиғаның себебін арнайы комиссия анықтайды

  • 498
  • UPD: 12:38, 04.06.2018
Қостанай әуежайындағы оқыс оқиғаның себебін арнайы комиссия анықтайды

Қостанай әуежайында болған оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылады.

Кемшіліктің қайдан кеткенін солар анықтайды, деп хабарлайды әуежай мамандары. Естеріңізде шығар, кеше Алматыдан аттанған ұшақ Қостанайға қонған шақты жолақтың шетіне шығып кеткен еді. «Осыған байланысты әуежай жұмысы 3 сағат 18 минутқа тоқтатылды. Абырой болғанда, әуе көлігіндегі 80 жолаушы зардап шеккен жоқ. Бүгін жағдай қалпына келді», – дейді мекеме қызметкерлері. 

Александр Андреев, Қостанай әуежайы директорының орынбасары:   

- Қазіргі сәтте әуежай белгіленген кестеге сай кедергісіз жұмыс істеп тұр. Бүгін Астана – Қостанай бағытындағы ұшақ ешқандай кешігусіз келіп қонды. Әуежай енді Алматы бағытындағы ұшақты қабылдайды. Ал кешегі оқиғаға байланысты Азаматтық авиация комитеті жанынан арнайы комиссия құрылды. Себебін солар анықтайды.

Хабар 24 телеарнасы