385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СӨАЖҚЖ суға шомылу маусымы кезеңінде кешенді іс шаралар жүргізуде

  • 617
СӨАЖҚЖ суға шомылу маусымы кезеңінде кешенді іс шаралар жүргізуде

2018 жылғы суға шомылу кезеңінде Қостанай облысының су айдындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының құтқарушылары іс шаралар жүргізуде.

Бұл туралы «ҚР ІІМ ТЖК Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы (Қостанай қаласы)» ММ хабарлады.

Демалу орындарының иелерінің тапсырыстары бойынша демалушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін заттардан суға шомылу орындарын тазарту жүргізілді.

Олардың ішінде Алтынсарин ауданындағы «Алтынгүл» балалар қаласырты лагерінде, Федоров ауданындағы «Болашақ» балалар сауықтыру лагерінде, Лисаков қаласындағы «Алый парус» спорттық-сауықтыру лагерінде, Алтынсарин ауданындағы «Достық» балалар жазғы профильді лагерінде, Денисов ауданындағы «Солнечный» балалар сауықтыру лагерінде, Қарабалық ауданындағы «Достық» балалар сауықтыру лагерінде, Жітіқара қалалық жағажайы, Қостанай қалалық жағажайы бар.

Жазғы уақытта суға шомылуға арнайы жабдықталмаған орындарда және балалар сауықтыру лагерлерінде профилактикалық тору іс шаралары жүзеге асырылады, онда демалудағы тұрғындармен түсіндіру-профилактикалық әңгімелесулер жүргізіліп, «Судағы қауіпсіздік» тақырыбында плакаттар ме жаднамалар таратылады, қолдан жасалған тарзанкалар алынып тасталады, ондайларды көбінесе жағада жалғыз өскен ағаштарда жасайды және оны қолданарда ешқандай техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Тарзанкалар бірнеше рет бақытсыз оқиғалардың себепшісі болса да, экстрим әуесқойларын бұл тоқтатар емес. Аталған экстрималды жағдайға көбінесе балалар мен жасөспірімдер қызығушылық танытады, бірақ олар өздеріне қандай қауіп төндіріп жатқандықтарын ойламайды. Тарзанкадан көлге немесе басқа су айдынына секіру өте қауіпті, өйткені су астында адам өміріне қауіп төндіретін тастар және тағы басқа заттар болуы мүмкін.

Суға шомылу маусымы уақытында жүргізіліп жатқан іс шаралармен қатар жасақ құтқарушылары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережесін естеріне салуда.

Хабар 24 телеарнасы