384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ОҚО: Төле би ауданында алғаш рет оқушылардың демалыс орны бой көтерді

  • 1088
ОҚО: Төле би ауданында алғаш рет оқушылардың демалыс орны бой көтерді

Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданында биыл 3 мың бала лагерде демалады.

Қазіргі таңда аудан әкімдігінің бастамасымен өңірде алғаш рет оқушылардың демалыс орны бой көтерді. Бұрындары бұл таулы аймақта балаларға арналған лагерь болмаған. Оқушылар жаз мезгілін өз үйлерінде немесе өзге аудандардағы демалыс нысандарында өткізетін. «Енді мұның барлығы артта қалды», – дейді аудандық білім бөлімінің басшылығы. Біркөлік шатқалында орын тепкен демалыс орнына 1-ауысымға 250 бала жолдама алған. Олар 10 күн бойы демалумен қатар уақытты тиімді пайдалану мақсатында құлтемір құрастырумен шұғылданады. Яғни лагерьде робототехника, IT парк жұмыс жасайды. Сондай-ақ төлебилік тұрмысы төмен және мүмкіндігі шектеулі, ата-анасының қамқорлығынан айырылған 212 бала тегін демалады. Оларға мұндай мүмкіндікті аудан басшылығы мемлекет есебінен ұйымдастырған. Тіпті бұл лагерьде Алматы, Қызылорда қаласынан келген жасөспірімдер де бар.

Бұхарбай Парманов, Төлеби ауданының әкімі:

– Төлеби ауданы – табиғаты тамаша жер. Бұрын біздің балаларымызға демалуға мүмкіншілік болған жоқ еді. Себебі осындағы лагерлердің барлығы жекешеленіп кетті. Қазір біз жеке кәсіпкерлерге үгіт-насихатын жүргізе отырып, көптеген демалыс орындарынан лагерь жасауды жоспарлап отырмыз. Биыл алғаш рет осында 3 мың баланы демалдыратын кешен жасадық. Жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Ал шеттен келетін балаларға 17 мың теңгеден.

Хабар 24 телеарнасы