374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында күкірт қышқылының қолданыс аясы кеңейеді

  • 210
  • UPD: 12:58, 11.07.2018
Қызылорда облысында күкірт қышқылының қолданыс аясы кеңейеді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Сыр өңіріндегі күкірт қышқылы зауытының жұмысымен танысты.

Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында 2011 жылы пайдалануға берілген кәсіпорын жылына 500 000 тонна күкірт қышқылын өндіреді. Шетелдік озық әрі тиімді, қоршаған орта үшін қауіпсіз технологияларды қолданатын өндіріс ошағында 277 адам жұмыс істейді. Оның 65 пайызы жергілікті азаматтар. Зауытта өнім өндірудің қуат үнемдеуші әдістері кең қолданыс тапқан. Яғни қышқылды өндіру барысында шығатын буды турбогенераторлар арқылы электр энергиясын өндіріп, аудандық электр желісіне де арзан қуат көзін ұсынып отыр. Мәжілісмендер жұмысшылардың өтініштерін тыңдап, Парламент қабырғасындағы атқарылған жұмыстарды, сонымен бірге Елбасы жолдауы мен 5 әлеуметтік бастамасынан туындайтын міндеттердің жүзеге асырылу барысы жөнінде кеңінен айтып өтті7

Бақытбек Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Күкірт қышқылы елдің уран өндіретін кәсіпорындарында ғана емес, өзге де халық шаруашылығында кеңінен пайдаланылатын болады деп сенімді айта аламын. Себебі профессорлардың зерделеп отырған ойларын қарайтын болсақ, олардың болашағынан зор үміт күттіретін белгілі. Және осындай ыстық аптапқа қарамастан жұмысшыларға бүкіл мүмкіндік жасалғандығы заманауи технология, техниканың дамығандығын көрсетеді.

Осы категория бойынша: « Байқоңырдағы ұшырылымдар уақытша тоқтатылды Тараздық қайырымды әженің қайырлы ісі көпшілікті тәнті етті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы