374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сырбойылық өрен киіз үйді модульді блютузбен басқаруды ойлап тапты

  • 383
  • UPD: 07:50, 17.07.2018
Сырбойылық өрен киіз үйді модульді блютузбен басқаруды ойлап тапты

Қызылордадағы ІТ-парк орталығы жастардың өз бизнесін, стартап идеяларын іске асыруына жол ашып отыр.

Сырбойылық дарынды өрендер мұнда жаңа технологиялардың, ІТ-бағдарламалардың әлеуетіне машықтанады. Әділет Әли робототехникаға қатысты ойларын осы ІТ-паркте жүзеге асыруға мүмкіндік алып отыр. Ол жылжымалы смарт отау жобасы бойынша еңбектеніп жүр. «Киіз үйді жинап, қайта тігіп жүрмей, дөңгелек орнатып, модульді блютузбен басқаруға болады», – дейді жас дарын. Бұл – мал және егін шаруашылығымен айналысатындар үшін өте ыңғайлы баспана. 3D жүйесімен жұмыс жасауды меңгеріп жүрген Әділет жобаның қолдау тапқанын қалайды. Жалпы, IT-паркте Әділет секілді 10-нан астам өнертапқыш жас ғылыми-техникалық еңбектермен шұғылданып жүр. Сондай-ақ орталықта коворкинг аймағы, телестудия және 3D принтер құрылғылары қызметі бар.

Әділет Әли, жас ғылыми ізденуші:

- Ойларымызды тауып, істеп келсек, осы ІТ-паркте кездесеміз. Өзіміз бөлісеміз, яғни бір-бірімізбен тәжірибе алмасып, көп көмегі тиіп жатыр. Алдағы уақытта киіз үйіме күннен энергия алатын қондырғы қойсам деген ой бар.

Арнагүл Пашкенова, облыс әкімі аппараты бөлімінің бас инспекторы:

- ІТ-паркте бірлесе жұмыс жасайтын кәсіпкерлер бар. Олар жас ІТ мамандардың жүзеге асырған жобаларын әрі қарай бизнеске дамытуға немесе сату жұмыстарын жүргізуге көмектесіп отырады. Сонымен қатар жобада кем-кетік болса, дамытуға ықпал тигізеді.

Осы категория бойынша: « Мәжіліс депутаттары Алматыдағы ІТ-сыныптың жұмысымен танысты Алматыда Абай даңғылын ұзарту жұмыстары келер жылы басталады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы