365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бизнеске жан-жақты қолдау көрсетіледі

  • 225
  • UPD: 09:42, 17.07.2018
Бизнеске жан-жақты қолдау көрсетіледі

Мәжіліс депутаты Дания Еспаева Ақтөбе облысында еңбек ұжымдарымен кездесіп, мұнай-газ кәсіпорындарын жаңа технологиямен жабдықтап, қайта жаңғыртумен айналысатын мекемеге табан тіреді.

Бұл – еліміздегі автоматтардырылған мұнай қыздыру бу қазандықтарын өндіретін бірден-бір нысан. Отандық өнімдерге сұраныс жоғары. Алдағы жарты жылға да тапсырыс түсіп үлгерген. Сондықтан жергілікті мамандар тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіліп отыр. Кездесуде көптің көкейінде жүрген мәселелер талқыланды. Мәселен, мемлекет қолдауымен жаңа баспанаға қол жеткізу, шағын және орта бизнеске жасалған жеңілдіктер жайы сөз болды. Сонымен қатар Дания Еспаева жиналғандарға Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» туралы жан-жақты түсіндіріп өтті.

Дания Еспаева, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

- «7-20-25» бағдарламасы туралы сұрақтар көп қойылады. Ұжымда жастар көп. Сондықтан осы бағдарламаның көмегімен баспаналы болуды ойлайды. Мұндай кездесулер арқылы еліміз көздеген, Елбасы айтқан үлкен мақсаттарға жетеміз деп ойлаймын. 2050 жылға дейін шағын және орта бизнес жалпы ішкі өнімнің 50 пайызын құрауы тиіс.

Осы категория бойынша: « Түркістанда бой көтеретін ғимараттар шығыстық үлгіде салынады Семейде су тасқынынан зардап шеккен 20 отбасы баспанасыз жүр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы