365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда көлік қаққан бүлдіршін мүгедек болып қалуы мүмкін

  • 204
  • UPD: 22:14, 18.07.2018

Дәрігерлер мұндай қауіпті жоққа шығармайды.

Олардың айтуынша, 5 жасар Мұхаммед әлі жасанды тыныс алу аппаратымен жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр. Баланың жағдайына қатысты өткен брифингте денсаулық сақтау саласының өкілдері науқастың жағдайы тәулік бойы қадағалауда, еміне қажетті дәрі-дәрмектің барлығы жеткілікті екенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, жол апаты осыдан 2 күн бұрын Шығыс айналма жолының бойында болған еді. Әлдекім жолға шығып кеткен баланы көлігімен қағып, ізінше оқиға орнынан із суытқан. Ал шала-жансар бүлдіршінді көрпеге орап, ағаштардың арасына жасырып кеткен. Баланы қаққан күдікті әлі ұсталған жоқ, құқық қорғау орындары оны іздестіріп жатыр. 

Дінмұхамед Рузуддинов, балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы бас дәрігерінің орынбасары:

- Баланың жағдайы өте нашар. Бірақ бірқалыпты.

Осы категория бойынша: « Елімізде дәрі-дәрмек сатып алу электрондық форматта жүргізілмек Жамбыл облысында жыл басынан бері 11 адам суға кеткен »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы