366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорданың қоғамдық көлігінде балалар жолақысының бағасы өзгермейді

  • 273
  • UPD: 18:10, 20.07.2018

Ертеңнен бастап елордадағы қоғамдық көліктерде қолма-қол жолақы құны 180 теңгеге қымбаттайды.

Алайда астаналық ата-аналардың өтініші бойынша 7-15 жас аралығындағы балалар үшін жүру ақысы 40 теңге болып қала бермек. Бұл туралы «Астана ЛРТ» компаниясының басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов хабарлады. Дегенмен, арнайы көлік картасын қолданатын жолаушылар бұрынғыша 90 теңгеден төлейді. Осы орайда апта басынан бері астра картасын сатып алушылар саны күрт өскен.

БЛИЦ:

- Жанармайдың қымбаттауына байланысты шығар, бірақ халыққа ол кішкене ауырлау болады деп ойлаймын.

– Карточкамен ыңғайлы, пересадкамен туда-сюда үлгерем. Мен 3 пересадкамен барамын.

- Өкіметтің қамқорлығына сондай риза болам да, себебі біз неше жыл істедік, еңбегіміздің жемісін осы карточка арқылы көріп жүрміз деп ойлаймын. 

Сондай-ақ жолаушыларды отырғызу мен түсіру ережесі де өзгерді. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, енді қалалық бағдардағы автобустарға тек алдыңғы есіктен ғана кіру қажет. Және жолақы төлемі мен электронды валидацияны көлік құралына кірерде жасау керек. Ал билетсіз жүретін жолаушылар анықталған жағдайда оларға 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Бүгінде қала бойынша көлік картасын сататын 6 мамандандырылған касса, 30 терминал мен 51 сауда нүктесі жұмыс істейді. Соңғы 2 күн ішінде шамамен 16 500 көлік картасы сатылған. Егер жыл басында электронды төлем жүйесін қолданушылардың үлесі небәрі 5 процент болса, бүгінде 50 процентке жеткен.

Дәурен Нұралиев, «Астана ЛРТ» ЖШС басқарушы директоры:

- Барлықтарыңыз білетіндей, 21 шілдеден бастап, біз сараланған тарифті енгізіп отырмыз. Жалпы түсіндіріп кететін нәрсе, бұл баға көтеріліп жатқан жоқ. Баға сараланып жатыр. Барлық адам көліктік картаны қолданса, сол бұрынғы тарифтер қала береді. Тек бізде экспресте баға кішкене өзгеріп отыр.

Хабар 24 телеарнасы