374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде өрт сөндірушілер мен құтқарушылар чемпионаты өтіп жатыр

  • 167
  • UPD: 13:52, 24.07.2018

Ақтөбеде өрт сөндірушілер біріншілігі өтіп жатыр. Ерлер арасындағы дәстүрлі республикалық өрттен құтқару спорты осымен 25-ші рет ұйымдастырылуда.

Ал нәзік жанды құтқарушылар бесінші рет өзара сынға түспек.

Мансұр Есқожин, тілші:

- Бұл біріншілікке еліміздің барлық өңірінен 17 команда жиналған. Ұзын саны 300-ге жуық спортшы қатысып отыр. Олар арнайы оқу-жаттығу орталығында сатымен төртінші қабатқа өрмелеу, жүгіру және өрт сөндіру құралдарын дайындау сияқты сайыстарда күш сынасады.

Біріншіліктің ашылу салтанаты Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті атындағы саябақта өтті. Жыл сайын сайысқа қатысуға ниетті спортшылардың саны артып келеді. Мәселен, биыл 180 ер адам сынға түссе, әйелдер арасындағы тартысты бәсеке 67 құтқарушының арасында өтеді. Спортшылар өнерін халықаралық дәрежедегі қазылар бағалайтын болады. Ал құтқарушылардың арасында спорттың бұл түрінен түрлі рекордтарға қол жеткізгендері де бар.

Маxамбет Сатыбалдиев, өрт-сөндіру құтқару спорты бойынша ұлттық құрама мүшесі:

- Өрт-сөндіру құтқару спортымен он жыл айналысамын жұмысқа кіргелі бері. 2008 жылдан бастап, 2012 ден бастап ұлттық құрамға кірдім Қазақстанның. Өткен жылы әлем чемпионаты болды Турция елінде, Измир қаласында. Үшінші орын алдық.

Дәл қазір сайыстың алғашқы кезеңі өтіп жатыр. Ерлер қол сатысымен ғимараттың 4-қабатына өрмелейді. Ал әйелдер екінші қабатты бағындырады. Бұл өрт сөндірушінің бірінші кезекте игеруі тиіс жаттығуларының бірі. Ертең құтқарушылар 100 метрлік кедергімен қашықтыққа жүгіреді. Сондай-ақ эстафета мен өрт сөндіру құралдарын даярлау сияқты кәсіби біліктілікті арттыратын сайыстар да бар.

Мансұр Есқожин, тілші:

- Өрт-құтқару спорты қазір халықаралық дәрежеге дейін жеткен. Әлемдік додада 30-дан астам елден жиналған спортшылар сайысқа түседі. Қазақстан құтқарушылары болса, үздік бестіктің қатарында. Ал Ақтөбеде өтіп жатқан ел біріншілігі 27 шілдеге дейін жалғасады.

Осы категория бойынша: « Д.Теннің өліміне қатысты күдікті 11 шілдеде Астанада ұрлық үшін ұсталған ШҚО-да көмірге сұраныс күрт артып отыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы