368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

  • 184
  • UPD: 19:51, 26.07.2018

Жәрмеңкеге жүзге жуық кәсіпорын өкілдері мен екі қолға бір күрек таппай жүрген 500-ге жуық адам қатысты.

Бос жұмыс орнын ұсынып отырғандар арасында мемлекеттік мекемелерден бөлек, жекелеген кәсіпкерлер де бар.

Әлімхан Расылханов 32 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі электрик. 2 жыл бұрын жұмысынан қысқарып қалды. Содан бері бармаған жері жоқ. «Жасым келген сайын көп жер жұмысқа қабылдағысы келмейді» дейді. Бар үміті осы жәрмеңке. 

Әлімхан Расылханов, қала тұрғыны:

- Обьектілер көп екен. Главный энергетиктермен сөйлескеннен кейін білесіз деді. Табылмайды емес, табылады жұмыс. 30-40 мың. Ол бала-шағамнан 30 жыл істегеннен кейін аяғына келгенде 30 мыңға істеген болмайтын шығар. Жұмыс беріп жатса қуанамыз әрине. Бала-шағаның несібесі ғой ол. Енді бара белгілі болады оның бәрі. 

Әлімхан Расылхановтың бүгін жолы болды. Өйткені ол жұмыс берушінің талаптарынан шығып отыр. 

Гүлдана Тұрдылова, жұмыс беруші мекеменің өкілі:

- Жаңағы кісі бізге электрик вакансиясына келді. Ол кісінің стажы 32 жыл екен. 5-разряды. Бізге сәйкес келеді. Сол кісіге біз құжаттар тізімін бердік. Ол кісі үш күннің ішінде құжаттарды жинайды. 

Жәрмеңкеге 100-ге жуық кәсіпорын өкілдері қатысты. Олардың ішінде мемекеттік мекемелерден бөлек, жеке кәсіп иелері де бар. Барлығы 2 мыңнан аса бос жұмыс орнын ұсынды. 

Қаламқас Күлшіманова, жұмыс берушілерді қолдау бөлімінің басшысы:

- Астана өңірінде осымен үшінші рет өткізіліп жатыр. Ол бір жылға жоспарланған 6 жәрмеңке. Бұл үшіншісі болып жатыр. Алдағы уақытта осындай 3 жәрмеңке өткіземіз. Осындай үлкен қалалық жәрмеңке өтеді. Сосын жұмыс берушілермен жұмыс істейміз. Жұмыс істеуге шақырамыз. 

Бүгінгі жәрмеңкеде жұмыс берушілердің ұсынып отырған ең төменгі жалақысы 40-50 мыңнан бастап, ең жоғарысы 300 мың теңге дейін жетеді. Көбіне құрылысшы, мұғалім, дәрігер мамандықтарына сұраныс жоғары. 

Авторы: Әсел Тұмашқызы

Осы категория бойынша: « ШҚО-да орақ науқаны басталды «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауының жеңімпаздары марапатталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы