374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде дәл егін шаруашылығы сынақтан өткізіліп жатыр

  • 246
  • UPD: 09:56, 31.07.2018

Қазақстандық диқандар дәл егін шаруашылығы бойынша тəжірибе нəтижелерін сараптап жатыр.

Биыл республика бойынша 9 шаруашылық жаңа технологияны сынақтан өткізеді. Егіншілер тəжірибелік алқаптарда өнім түсімі мен тұқым сапасының әлдеқайда артқанын байқап отыр.

Дәл егін шаруашылығы – Орталық Қазақстан фермерлерінің арасында жиі талқыланып жүрген өзекті мәселелердің бірі. Қазір жаңа технологияны 9 қазақстандық, соның ішінде 2 қарағандылық шаруашылық сынақтан өткізіп жатыр.

Павел Лущак, шаруа:
- Тəжірибелік алқап көлемі жерде жуықтап алсақ, 40-тың шамасындай, ал біздің жерлерде 20-25 центнердей болады. Тыңайтқыш енгізу нормаларын арттырдық, бізге 30-40 келі аз екеніне көзіміз жетті. Қазір 200-300 келіден астам жоспарланып отыр.

Дәл егін шаруашылығы топырақтың терең жəне нақты сараптамаларына негізделеді. Дəстүрлі технология бойынша 75 гектар жерге бір сараптама жасалатын. Бүгінде əр гектардан үлгі алынады. Бұл қажетті тыңайтқыштардың құрамы мен мөлшерін, жерді өңдеудің амал-тəсілдерін дəл анықтауға мүмкіндік береді.

Саяхат Нүкешев, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ деканы:

- Дәл егіншіліктің элементтерін енгізу барысында біз бірінші топырақтан анализ алдық, нәтижесінде азот пен фосфордың деңгейі өте төмен. Яғни бұл неге бидайдың сапасы мен өнімділігі төмен деген сұраққа жауап береді. Сондықтан қазір қолданып жүрген себу кешендері бұл тыңайтқыштың негізгі құрамын енгізе алмайды, сондықтан жаңа техника керек.

Енді топырақты қалыпты жағдайға келтіру үшін арнайы баптау əдістері мен техника қажет. Бұл өз кезегінде Қазақстанда жасап шығарылады. Әзірге алғашқы техника жиналып, қолданысқа берілді. Бұл бірден 2 мəселені шешеді. Нақтырақ айтсақ, топырақ тығыздығын жойып, оны қоректендіреді. Келесі жылы отандық техниканың жаппай өндірісі жолға қойылады деп жоспарланып отыр.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игіліков, Аслан Демесбаев

Осы категория бойынша: « Жол апаты: Өскемен қаласының әкімі айыппұл төлемейтін болды ШҚО-да 30 мың гектардан астам суармалы жер игерілмей жатыр »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы