374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

eGov.kz порталында 18 түрлі жаңа салықтар мен міндетті төлемдерді төлеуге болады

  • 321
  • UPD: 15:27, 01.08.2018
eGov.kz порталында 18 түрлі жаңа салықтар мен міндетті төлемдерді төлеуге болады Kapital.kz

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетімен бірге eGov.kz порталында «Салықтармен және басқадай міндетті төлемдерді бюджетке төлеу» қызметінің іске қосылғанын хабарлайды.

Бұл қызмет салық төлеушілерге (жеке және заңды тұлғаларға) 18 түрлі салықтарды және міндетті төлемдерді төлеуге мүмкіндік береді.

  1. Корпоративтік табыс салығы (2 түрде);
  2. Жеке табыс салығы (3 түрде);
  3. Әлеуметтік салық;
  4. ЗТ және ЖК мүлiгіне салынатын салықтар;
  5. Жер салығы (2 түрде);
  6. ЗТ көлiк құралдарына салынатын салық;
  7. Бірыңғай жер салығы;
  8. Қосылған құн салығы (6 түрде);
  9. Акциздер (12 түрде);
  10. Арнайы төлемдер және жер қойнауын пайдаланушылар салығы (10 түрде);
  11. Экспортқа салынатын рента салығы(2 түрде);
  12. Ойын бизнесіне салық (2 түрде);
  13. Тіркелген салық;
  14. Алымдар (10 түрде);
  15. Төлемдер (15 түрде);
  16. Кедендік төлемдер (27 түрде);
  17. Басқа төлемдер (2 түрде);
  18. Баждар (2 түрде).

Төлемді жүргізу үшін:

– салық төлеуші ретінде тіркелуінің болуы;

– төлемді жүргізу үшін қаражаттың болуы қажет.

Салық төлеуші жеке тұлға ретінде авторизациялану және БСН деректерін толтырып және керсінше заңды тұлға салықтарын төлеу мүмкіндігіне ие болады.

ЭЦҚ және порталда авторизациялану талап етілмейді.

Көрсетілетін қызметтер көрсету нәтижесі электрондық түбіртек болып табылады.

Еске салатын болсақ, бұрын порталда жеке тұлғалар үшін салықтардың 4 түрі ғана төлем үшін қолжетімді болатын: мүлікке салық, көлікке салық, жер салығы және өсімпұл, айыппұлдар, салықтарға берешегі.

Осы категория бойынша: « Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы ашық есік күнін ұйымдастырды «Қостанай-Арқалық» пойызының жолсерігі дөрекі қылығы үшін жазаланды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы