374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отарда «АрМИ-2018» халықаралық әскери ойындары басталды

  • 351
  • UPD: 21:46, 01.08.2018

Отар әскери полигонында дәстүрге айналған «АрМИ-2018» халықаралық әскери ойындары басталды.

Биылғы жарысқа 12 мемлекеттен 18 команда қатысып жатыр. Олар Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, Тәжікстан, Сирия, Әзербайжан, Беларусь, Венесуэла, Зимбабве, Иран және еліміздің қарулы күштері. Сарбаздар үш түрлі сайыс бойынша бақ сынайды. Бұлар артиллерия, сұңқар салу және сенімді қабылдау.

Айта кетейік, биыл алғаш рет байланыс қызметкерлері арасында «Сенімді қабылдау» байқауы өткізіліп отыр. Жарыстың ашылу салтанатына еліміздің қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов пен Қырғызстан Республикасы қарулы күштерінің басшысы Райымберді Дүйшенбиев қатысты. Жарыстың алғашқы күнінде артиллериялық күштер қабілетін көрсетті. Танк командалары кедергілерді бағындырып, нысананы көздеп атудан үздікті анықтайды.

Сәкен Жасұзақов, ҚР Қорғаныс министрі:

- Халықаралық әскери ойындар төртінші жыл дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отыр. Басты мақсат елдер арасындағы әскери қарым-қатынасты арттыру. Және сарбаздардың шеберлігін шыңдау.

Факт Машове, Зимбабве командасының өкілі:

- Біз өткен жылғы әскери ойындарға қатысып, орын ала алмадық. Биыл барлық қателіктерімізді сабақтап келдік. Қателіктер көбінесе әскери ережелерге байланысты болды. Сонымен қатар біздің техникамызда да айырмашылық бар.

Осы категория бойынша: « Жамбыл облысында газ саудасымен заңсыз айналысқан топқа сот үкімі шықты Полиция телефонға жүктеуге арналған күдікті бағдарламалар туралы ескертті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы