374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысындағы бағбан отбасы өңірді көкөніспен қамтамасыз етіп отыр

  • 287
  • UPD: 07:43, 06.08.2018

Павлодар облысында мемлекеттік бағдарламаның арқасында түрлі кәсіпті игеріп жатқандар көп.

Ауыл тұрғындарының басым бөлігі мал басын көбейтуге қаржы алады. Ал атажұртқа Өзбекстаннан қоныс аударған Байқарашевтар әулеті малмен бірге бағбаншылықты қолға алыпты. Қыста мал бордақылап сатса, жаз бойы ауылдастарын көкөніспен қамтамасыз етеді. 

Қыдырәлі Байқарашев Өзбекстанда мақта шаруашылығында жұмыс істепті. Он бес жыл бұрын Павлодар облысына көшіп келген ол, көлік жүргізіп отбасын асыраған. Бүгінде  бір гектар жерді қоршап көкөніс өсіріп отыр. Еңбекқор жанды  ауыл тұрғындары мақтан тұтады.

Николай Волгин, ауыл тұрғыны:

- Мен бұл істің тиімді болатынына бас кезінде күмәнмен қарадым. Өйткені тұқым қымбатқа түсті. Жер өңдеу жұмыстарына көп шығынданды. Бірақ тынымсыз еңбектік арқасында мол табыс тауып жатыр. Өткен жылы жүгері мен қырыққабат еккен. Биыл қарбыз, қызанақ, болгар бұрышын салды.

Жайқалып тұрған жасыл желекке қарап бұл жердің осыдан бірнеше жыл бұрын қу дала болғанына сену қиын. Қыдырәлі аға  тамшылатып суару технологиясын ауылда бірінші болып енгізді. Ойындағыны жүзеге асыруға Павлодар аудандық кәсіпкерлер палатасы  қолдау көрсеткен.

Қыдырәлі Байқарашев, кәсіпкер:

- Бастау бизнестің мен курсын оқыдым. Содан кейін төмен пайызбен, 6 процентпен 3 миллион кредит алдым. Жаман емес, еңбегіміз алдымызда. Деніміз сау, жұмыс істеп жатырмыз.

Қыдырәлі Байқарашев топырақ барлық жерде бірдей. Су болса,  жақсы өнім алуға болады -деген пікірде. Оны іс жүзінде дәлелдеп отыр. Аз күнде қызынақ піседі. Қазір күніне 100 келі қияр жинап жатыр.

Айжан Торабекова, ауыл тұрғыны:

- Қалаға алып барамыз товарымызды сатуға. Ауылға дүкендерге таратамыз. Сол жұмыс ауыр емес. Күнделікті жұмыс. Өзіміз баптаймыз, қараймыз, суарамыз.

Қыста мал,  жазда көкөніспен айналысатын отбасы үшін бұл үлкен істің бастамасы. Мемлекеттен алған несиені жауып, келешекте  үлкен жылыжай құрылысын бастауды жоспарлап отыр.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Алексей Омельницкий

Осы категория бойынша: « Австралияда қуаңшылықтан зардап шеккен шаруаларға көмек беріледі Жамбыл облысында жылжымалы экологиялық зертхана жұмыс істейтін болады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы