370,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен»: үздік бес мақала анықталды

  • 209
  • UPD: 21:01, 06.08.2018

Биыл шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстан жөніңде 300-ге жуық материал жариялады.

Оның дені елордамыз Астананың дамуына арналған. Бүгін Сыртқы істер министрлігі «Қазақстан шетелдік БАҚ өкілдерінің көзімен» атты бесінші халықаралық байқаудың жеңімпаздарын марапаттады. Журналистер еліміздің экономикасы, сыртқы байланысы, саясат пен әлеуметтік ахуалды қамтитын нақты әрі сараптамалық материалдар жариялауы тиіс болды. Осы қағидаларға сай,  бес елдің тілшілері таңдалды. Олар: АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Өбекстан және Үндістан мемлекетінің өкілдері. Байқаудың бас жүлдесі – Қазақстанға жолдама. Жеңімпаздар Астана, Алматы қалаларына сапарлап, Бурабайдың көрікті жерлерін тамашалайды.

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Биыл жарияланған мақалалардың дені Орталық Азия елдерінің серіктестігі тақырыбына арналуы бекер емес. Қазақстанды шетелде танытуға атсалысуға ниетті журналистерді Сыртқы істер министрлігі әрқашан қолдайды. Біздің қоғамның ашықтығы, мәдениетімізді әлемге таныту «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір бағыты болып табылады.  

Александр Липовец, Forbеs.com өкілі:

- Мен өз мақаламда Қазақстанның жеті кереметі жөнінде жаздым. Өзім қазақ елінің тумасымын, қазір шетелде тұрып жатырмын. Сондықтан мен көрген Қазақстан қазір мүлдем басқа. Біз бірнеше өңірді аралап, тарихи мекендерге бардық. Мақсатымыз Орталық Азиядағы дәл осы өңірді туристерге басқа қырынан көрсету еді.

Осы категория бойынша: « Қазақстандықтар 23 мұқтаж отбасыға баспана әперді Астана медицина университетіндегі студенттердің оқудан шығарылуына қатысты іске сот үкімі шықты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы