371,31 419.90 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің Ішкі істер министрі ресейлік әріптесімен кездесті

  • 226
  • UPD: 19:46, 07.08.2018

Қазақстан мен Ресей аумағында автокөлік ұрлаумен айналысатын қарақшылардың жолына тосқауыл қойып, өзге де қылмыстарды ашу кезіндегі шұғыл криминалистикалық бөлімдердің арасындағы байланысты нығайту қажет.

Аталған екі мәселе Алматыда басталған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы ішкі істер министрліктерінің төртінші Біріккен коллегиялық отырысына арқау болып отыр. Министрлердің айтуынша, екі елде де криминалдық автобизнес жиілеген. Мысалы, былтыр Қостанай қаласында 60 қымбат көлікті ұрлап сатып жіберген Денисовтың қылмыстық тобы әшкереленген болатын. Ұрланған темір тұлпарларды шекара асырып жіберетін жәйттер де жоқ емес.

Қалмұхамбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

- Қолды болған көліктерді жасырын жеткізетін жолдарды анықтап, олардың көзін жоюда күш біріктіруіміз керек. Осы орайда біздің бөлім басшылары тұрақты кездесіп тұрғаны жөн. Қылмыстың алдын алу үшін шекаралас аймақтардағы оперативті топтардың байланысын нығайтқан жөн.  

Владимир Колокольцев, РФ Ішкі істер министрі:

- Ресейде жыл сайын шамамен 30 мыңға жуық көлік ұрланады. Бұл ТМД елдерінде ұрланған көліктердің 90 пайызына тең. Осыдан-ақ, қылмыстың бұл түрінің қаншалықты ауқымды екенін көруге болады. Қолды болған машиналардың біразы шекара асып жатады. Дегенмен, жүргізілген жұмыстардың арқасында қылмыс деңгейін төмендетуге қол жеткіздік. Бұған қазақстандық әріптестеріміздің де қосқан үлесі бар.

Осы категория бойынша: « Астанадағы медициналық ұйымдар 11 мыңнан астам заң бұзушылыққа жол берген Елорданың «Сергек» камералары 166 мыңға жуық ереже бұзушылықты тіркеген »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы