365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында жұпсыз жібек құрттары пайда болды

  • 169
  • UPD: 13:11, 08.08.2018
Павлодар облысында жұпсыз жібек құрттары пайда болды

Ертіс өңірінің орман алқаптарына жұпсыз жібек құрттарынан қауіп төніп тұр.

Зиянкес жәндіктерді тудыратын көбелектер көрші Ресей жағынан келген көрінеді. Ақ көбелектердің жаппай ұшып жүргенін фитосанитария инспекторлары байқаған. Әзірге олар Ертіс өзенінің бойында орналасқан бірнеше ауданда тіркеліп отыр. Мамандардың айтуынша, көбелектердің өзінен қауіп жоқ. Тек олардан шығатын жұлдыз құрттар жасыл желекті жойып жібереді. Әсіресе жеміс ағаштарымен жапырақты орман алқабына келтірер зияны көп. Биылғы жылы жұпсыз жібек құрттарға қарсы үш ауданда 90 гектар алқап өңделген. Соңғы рет Павлодар облысында зиянкес жәндік түрі  2014 және 2015 жылдары тіркелген екен.

Азамат Жанахметов, ҚР АӨК АШМ облыстық аумақтық инспекциясының басшысы:

- Біз енді алдын алу жұмыстарын жүргіземіз. Ол – зерттеу жұмыстары. Биыл осы жылдың аяғына дейін тек зерттеу жұмыстары ғана болады. Қазір ол көбелекке қарсы ешқандай шара қолдана алмаймыз. Келесі жылы, құрттар шыққан кезде ғана химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі.

Осы категория бойынша: « Маңғыстауда 16 мыңнан астам ірі қараға чип салынған Жамбыл облысында елді мекендер 94% көгілдір отынмен қамтылады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы