365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда «Туған жер» жастар лагері ашылды

  • 293
  • UPD: 08:29, 14.08.2018

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы іргесінде жастарға арналған лагерь өз жұмысын бастады.

«Туған жер» деп аталатын демалысқа білімді әрі өнерлі жастар қатысуға мүмкіндік алды. Мұнда 150 бала 5 күн бойы демалып қана қоймай, түрлі тренингтерге қатысып, шығармашылықтары мен ой-өрістерін шыңдай түседі.

Тау бөктерінде орын тепкен «Туған жер» лагеріне белсенді студенттер, мектеп оқушылары мен жаңашылдықты жаны қалайтын жастар жиналды. Олардың жан-жақты демалысын қамтамасыз ететін қызықты бағдарлама дайындалған.

«Туған жер» жобасының мақсаты – өз ортасында белсенді, білімді жастардың шығармашылық әлеуетін шыңдау. Олардың мәдени және кәсіби қабілетін арттырып, жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау.

Гүлнәр Игембердиева, жоба ұйымдастырушысы:

- Демалушыларға арнап қызықты жобалар жасадық. Оларды 30 адамнан бес командаға бөліп, өзара сайыстар ұйымдастырамыз.  Лагерь «Туған жер» деп аталатындықтан, тарихқа негізделген жарыстар өте көп болады. Олар қиындықтарға төтеп беріп, өз білімдеріне жүгініп, туған жерлерін қорғап қалулары тиіс.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, өтініш білдірген жастардың саны өте көп болған. Арнайы іріктеуден өткізіліп, 286 адамнан 150 жас қана таңдап алынған.   

Біржан Қазтұрғанов, жастар қоғамдық қорының атқарушы директоры:

- Ол сауалдарда олар мынадай сұрақтарға жауап берді: «Сіз бұл лагерьден қандай тәжірибе алғыңыз келеді? Сіз бұл бұл тәжірибені әрі қарайғы өміріңізде қоғамға қалай көмектесе аласыз және қалай қолданасыз?» Өздерінің қоғамдық белсенділігіне қарадық.

Айнұр Талғатқызы, студент:

- Менің күткендегімнен де асып түсті. Ауа райы, табиғат – бәрі керемет! Осының барлығы рухани тұрғыда жігер беріп, адамның жаңа идеяларды ортаға шығаруына түрткі бола алатын сияқты. Ең бастысы, көп дос табасың.

Жазғы лагерьдің бағдарламасында жастардың белсенді демалысынан бөлек еліміздің танымал бизнесмендерімен, актерлерімен және спортшыларымен кездесулер ұйымдастырылады. Өзара пікір алмасып, ой бөліседі. Жетістікке жетудің құпиясы сөз болады. Мұндай жоба өмірлік тәжірибе жинақтаудың бірегей мүмкіндігі болмақ.

Авторлары: Индира Оразалинова, Ермек Абдрахманов

Осы категория бойынша: « Қарағандыда заманауи педиатрия орталығы ашылды Қызылорда облысындағы Сауысқандық петроглифтерін кешенді зерттеу қажет »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы