365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәжіліс депутаттары биотехнологиялық орталықта болды

  • 182
  • UPD: 23:48, 20.08.2018

Қазақстандық ғалымдар Орталық Азия халықтарының арғы тегін зерттеуге кірісті.

Ғылыми жұмыстар Астанадағы Ұлттық биотехнологиялық орталықта жүргізіліп жатыр. Бұған дейін осы орталық мамандары Стокгольм университетіндегі әріптестерімен бірге қазақ халқының шығу тегі бойынша да бірқатар зерттеу жұмыстарын атқарған болатын. Енді соның жалғасы ретінде Орталық Азия елінің этногені назарға алынды. Ғылыми жаңалықтар келесі жылдың басында жарияланады. Биотехнологиялық орталықта болған мәжіліс депутаттары гендік инженерия, биохимия, микробиология, вирусология, фармакология зертханаларында болып, осы саланың мақсат-міндеттерін бағамдады.

Бекболат Тілеухан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Өндірісте эффектілік болу үшін өндіріспен қоян-қолтық араласқанда ғана дамиды. Елбасы қашан да айтып келе жатыр. Ол заңдылық өзі. Өндіріс пен ғылымның арасындағы қоян-қолтық тығыз байланыс ғылымға да пайдасын келтіреді. Ғалымдардың құлашын ашып кеңеюіне мүмкіндік беретін нәрсе. Ауыл шаруашылығы министрлігі 13 мың препарат сатып алды. Соның арқасында құлашымызды кеңге жаямыз деп отыр.

Қасым Мұқанов, «Ұлттық биотехнологиялық орталығы» РМК бас директорының орынбасары:

Ғылымда коммерцизациялану керек. Ғылым жағы ақша табу керек. Бірақ фундаментальді ғылым яғни көп жыл жақсы қаржыландырылып отырған ғылым артта қалып қоятын қатер бар. Өйткенді фундаментальді ғылым Үкімет тарапынан қаржыланадырылу керек. Оған қаражат қажет, құрал-жабдықтар қажет. Фундаментальді ғылым болмаса, тәжірибелік жұмыс, коммерцизациялау мүмкін емес.

Осы категория бойынша: « Үржар ауданының диқандары су тапшылығының зардабын тартып отыр Астанада нөсер жаңбыр салдарынан автобус салонын су басты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы