364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үржар ауданында мектептердегі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

  • 203
  • UPD: 07:51, 22.08.2018

Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында мектептердегі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Биыл жергілікті бюджеттен 16 мектепте ағымдағы жөндеу жүргізу үшін 50 миллион теңгеге жуық қаражат бөлініпті. Бұған қоса сырлау, әктеу жұмыстарына 10 миллион теңге, көмір сатып алуға 147 миллион теңге бөлінген. Білім ордаларында жылу жүйесін ауыстыру, шатырларды жөндеу, едендерді ретке келтіру сияқты ауқымды шаруалар атқарылды. 1 қыркүйекке дейін дайындық жұмыстары толық аяқталады деген жоспар бар. Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес 3, 6 және 8-сынып оқушыларын тегін оқулықпен қамту мәселесі де шешімін тауыпты.

Ержан Шәкеев, Үржар аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Бұл сыныптардың оқушыларын тегін оқулықпен қамтамасыз ету үшін бюджеттен 118 миллион теңге қаржы бөлінді. Оған ауданға қажетті 80 мың 322 оқулық алыну керек, бүгінгі күні 74 мыңның үстінде оқулықтар алынды. Яғни 93%, қалған 7%-ын осы бір-екі күнде алу жоспарланып отыр. 1 қыркүйекте тегін оқулықпен 100% оқушыларымыз қамтамасыз етілетін болады.

Осы категория бойынша: « Оралда қыркүйек соңына дейін 900 орындық мектеп пайдалануға беріледі Ақтауда 50-ден астам цифрлық жоба қолданысқа енеді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы