365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелерін су басты

  • 193
  • UPD: 14:45, 22.08.2018

Жауын салдарынан Петропавл тұрғындары да зардап шегіп жатыр. Шаһарда көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелерін су басқан.

Толассыз жауған жауын-шашын петропавлдықтарды да әбігерге салды. Екі күн бойы жауған нөсердің салдарынан бірнеше көшеде ағын су ағып, аулаларды су басып қалған. Мұнымен қоса, су жеке секторда орналасқан бес үйге кірді. Сондай-ақ бірнеше көпқабатты тұрғын үйдің жертөлелері су астында қалды. Табиғаттың тосын мінезі коммуналдық қызметті де аяғынан тік тұрғызды. Қазір шаһарда 6 техника және 20-дан астам адам су сору жұмыстарымен айналысып жатыр. Жалпы арнайы қызметке тұрғындар тарапынан 40-қа жуық қоңырау түскен. Ал «Қазгидромет» мамандарының айтуынша, соңғы бірнеше тәулікте бір айлық мөлшердегі жауын-шашын бірақ жауған.

Осы категория бойынша: « Ақтөбе облысында 253 бас ірі қара қырылып қалған Мәжіліс депутаты «Петропавл-Қорған» тасжолын жөндеу барысымен танысты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы