370,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарлық оқушылар Атырау облысының тарихымен танысты

  • 276
Павлодарлық оқушылар Атырау облысының тарихымен танысты

Павлодарлық балалар «Рухани жаңғыру» жобасы аясында Атырау облысына барды.

Еліміз бойынша маусым айынан бері «Туған жер» арнайы жобасы негізінде мектеп оқушылары қазақ елінің қасиетті жерлерін аралауға мүмкіндік алды. Олар әр облыстағы қасиетті мекендермен танысып, сол өлкелердің тарихы жөніндегі түсініктері мен білімдерін толықтырып жүр. Осы мақсатта павлодарлық оқушылар тобы Атырау облысына келіп, тарихи-мәдени орталықтар, өлкетану музейлерінде болды.  Жалпы осы «Қасиетті Қазақстан» атты өлкетану акциясы басталғалы бері еліміз бойынша 860 бала қасиетті мекендерде болып, туған жерді сүю, патриоттық тәлім-тәрбие қалыптастыру бағытында үлкен сабақ алды. 

Ислам Әбілеев, 7-сынып оқушысы /Павлодар облысы/

– Мен осымен кезекті рет біздің Отанымыздың тарихы өте ежелгі әрі бай екеніне көз жеткіздім. Қазақстанды аралау барысында көптеген тарихи әрі қасиетті орындарды өз көзімізбен көріп, жадымызға тоқыдық.

Осы категория бойынша: « Алматы облысында үш ауысымды мектептер саны азаймай тұр ШҚО-дағы Бесқарағай ауданында құны 10 млн теңге болатын бірнеше жоба жүзеге аспақ »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы