365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда құтқарушылар «Су құрбандарына жол жоқ!» акциясын өткізді

  • 169
  • UPD: 18:20, 27.08.2018
Оралда құтқарушылар «Су құрбандарына жол жоқ!» акциясын өткізді БҚО ТЖД баспасөз қызметі

Оралда жаздың ыстығы әлі кете қойған жоқ. Тұрғындар одан мезі болып, салқындау үшін су айдындарына барады.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіз суға түсу маусымын ұйымдастыру үшін судағы адамдар өлімін болдырмауға бағытталған шаралар кешенін өткізеді.

Мәселен 25 тамыз күні БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағы және еріктілер Жайық өзенінде қайықпен «Су құрбандарына жол жоқ!» акциясын өткізді. Бұл іс-шара қоғамның назарын судағы жазатайым оқиғалар проблемасына аудару, салауатты өмір салтын насихаттау арқылы судағы жүріс-тұрыс ережелері туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында өткізілді, деп хабарлайды БҚО ТЖД баспасөз қызметі. 

Акция барысында өзеннің маршруты бойынша патрульдеу жүргізілді, демалушы азаматтарға судағы жүріс-тұрыс ережелері түсіндірілді. Жаппай суға шомылу орындарына тоқтаған кезде халыққа профилактикалық әңгіме жүргізіліп, үгіт-насихат парақшалары таратылды.

Өкінішке орай, патрульдеу кезінде ересектердің қарауынсыз өзен жағасында жүрген балалар жиі кездесті. Балаларға әңгімелесу жүргізіліп, оларға ата-анасынсыз немесе ересектерсіз өз беттерімен өзенге келмеулеріне ұсыныс айтылды.

Су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын насихаттау тек суға шомылу маусымында ғана емес, жыл бойы қысқы кезеңде, сең жүру және тасқын кезінде жүргізілетінін айтып өткен жөн.

Соңғы 10 жылда облыста 270-тен аса адам суға батты, оның 70-ке жуығы балалар. 2018 жылдың суға шомылу маусымының басынан бері 8 суға бату жағдайы тіркелді, олардың екеуі кәмелетке толмаған бала.

Осы категория бойынша: « Алакөлде биыл 600 мыңнан астам саяхатшы демалды Ә.Исекешев автобус жүргізушілерінің үстінен қайда шағым түсіруге болатынын айтты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы