365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда жәрмеңкеге келген 200 адам жұмыс тапты

  • 128
  • UPD: 07:21, 28.08.2018
Қарағандыда жәрмеңкеге келген 200 адам жұмыс тапты

Қарағанды қаласында жұмыссыздар үшін дәстүрлі жәрмеңке ұйымдастырылып, оған жергілікті 500-ге жуық мекеме-кәсіпорын қатысты.

Бұл күні барлығы 2 мың 500-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды. Әсіресе, инженер, менеджер, слесарь, тігінші және күзетшілерге деген сұраныс аса жоғары. Жәрмеңкеге келген 400-ге жуық адамның тең жартысы жұмысқа орналасты. Олардың арасында жазасын өтеп, түрмеден босап шыққандар да бар. Бұған қоса кәсіп ашқысы келетін 160 адамға мамандар жан-жақты кеңес берді. Жалпы мұндай жәрмеңке жыл басынан бері үшінші рет өткізіліп, 557 адам түрлі салаға еңбекке тартылды.

Береке Жайназаров, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:

– Ең қажетті маман – инженер. Мұғалім, дәрігерлер де керек болып жатыр. Сондай-ақ автобус жүргізушілері де сұранысқа ие. Жалақылары 100-150 мың теңгеден кем емес. Жұмыс іздеген азаматтарға жұмыс табуға болады.

Осы категория бойынша: « Мәжіліс депутаты жетісулық ұстаздармен жүздесті Ақтөбеде жаңа демалыс орындары бой көтереді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы