374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада көмірді қайдан сатып алуға болады

  • 165
  • UPD: 12:59, 28.08.2018
Астанада көмірді қайдан сатып алуға болады Liter.kz

Бүгінде елордада көмір өнімін сататын 7 негізгі орын бар. Қатты отынның жалпы қоры 15 мыңнан астам тоннаны құрайды.

Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Дәл қазіргі таңда Астанада көмір мәселесі байқалмайды. Халыққа қажетті қатты отынның жалпы қоры 25 тамыздағы жағдай бойынша 15 111 тоннаны құрайды.

17-25 тамыз аралығында астанаға 90 вагон немесе 6223 тонна көмір келіп түсті.

Сонымен, Шұбаркөл көмірінің бір тонна бағасы 12500-14500 теңгені құрайды, Қаражыра – бір тоннасы 14000 теңге, Майкөбе – бір тоннасы 12500 теңге.

Айта кеткен жөн, «Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» көмір сатушылармен бағаны өсірмеу туралы меморандумға қол қойған болатын.

Астана қаласының әкімдігі көмір нарығындағы жағдайға күн сайын мониторинг жүргізіп әрі бақылауында ұстап отыр. «iКөмек 109» базасында халықпен тікелей байланыс желісі құрылды.

Осы категория бойынша: « Жыл басынан Қазақстанда мыңнан астам адамның азаматтық статусы нақтыланған «Туған елге саяхат» балалар туристік пойызының турлары аяқталды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы