364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетауда ел дамуына үлес қосқандар марапатталды

  • 197
  • UPD: 22:37, 29.08.2018

Көкшетауда Конституция күніне орай аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды.

Оларға облыс әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.

Конституцияның 23 жылдық мерейтойының салтанатты жиынына жиналған 200-ден астам адам еліміздің әнұранын айтып, Конституцияға құрмет көрсетті. Жиналғандардың айтуынша, Конституция – елдігіміздің нышаны.

Мәлік Мырзалин, облыс әкімі:

– Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қасиетті Ата заңымызды бағалап, «сын сағатта тәуелсіздігіміздің кепілі болған қастерлі Ата заңымыз, ұлттық құқымыздың адастырмас темірқазығына айналды» деп атап өтті. Біздің егемен еліміздің барлық жетістіктері, бұл Конституцияның және соның негізінде қабылданған Заңнаманы іске асырудың нақты нәтижесі.

Салтанатты жиында облыстың дамуына сүбелі үлес қосып жүрген аймақ тұрғындары, қоғамдық ұйым мүшелері, еңбек адамдары, мұғалімдер мен дәрігерлер, кәсіпкерлер мен белсенді жастар марапатталды.

Мерген Тоқсанбай, ақын:

– Бүгін Ата заң күніне орай Ақмола облысы әкімінің марапатын алып жатырмыз. Жалпы бұл – біздің үлкен мереке. Себебі біздің рәмізіміз, Туымыз, Елтаңбамыз сияқты Ата заңымыз да – тәуелсіздігіміздің нышаны. Сонау бастауын Қасым ханның қасқа жолынан, Есім ханның ескі жолынан, Әз Тәукенің жеті жарғысынан алған, баяғы біздің дала заңдарымыз сияқты бұл да біз үшін аса қымбат, өте құнды. Бұл – біздің елдігіміздің нышаны.

Шара соңында жиналғандар Қазақстанның тәуелсіздігі тарихынан сыр шертетін деректі фильмді тамашалады. Айта кетейік, дәл осындай мерекелік іс-шаралар аймақтың аудан, ауылдарында да өткізіледі.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Евгений Шинкаренко

Осы категория бойынша: « «Самұрық-Қазына» HR-департаментке басшы іздеп жатыр Ресейдің Шұбаркөл полигонында «Бейбіт миссия-2018» оқу-жаттығуы өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы