365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейдің Шұбаркөл полигонында «Бейбіт миссия-2018» оқу-жаттығуы өтті

  • 172
  • UPD: 07:53, 30.08.2018

Қазақстандық 200 әскери мен 60 дана әскери техника Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің терорризмге қарсы «Бейбіт миссия -2018» оқу-жаттығуына қатысты.

Жеті мемлекеттің бірлескен шарасы 22 тамыз бен 29 тамыз аралығында Челябі облысы Чебаркуль полигонында өтті. Жеті мемлекет әскерилерінің басын біріктірген жаттығуда қандай тапсырмалар орындалды?  

Жеті елден келген үш мыңдай әскери бір апта бойы оқу-жаттығудың ақтық күніне дайындалды. Олар қарулы күштердің түрлі бөлімшелері арасында пікір алмасып, терроризмге қарсы шабуылдың әр элементін дайындады. Сценарий бойынша ұшқышсыз басқарылатын ұшақ мына елді-мекенді бомбалауы тиіс. Ал авиация, артиллерия және шабуылшы топтар бұл қатердің алдын-алуға міндетті. Оның қатарында қазақстандық 5 жойғыш та бар.  

Мұрат Майкеев, Қоғаныс министрінің бірінші орынбасары, ҚР ҚК Бас штабының басшысы:

- Біз мұндай жағдайға үнемі дайын тұруымыз керек. Себебі бұл жаһандық қауіп төндіретін қатер. Жалпы біздің әскерилердің дайындығы көңілден шықты. Мұнда өз кәсібилігінің жоғары деңгейін көрсетті.   

Елді мекенді лаңкестерден азат ету. Әуе десантын жерге түсіріп, террористердің көзін жою.  Арнайы операцияның мақсаты осы. Қазақстан атынан басып алу процесіне тінту-шабуылдау ротасы шықты.

Валерий Герасимов , РФ ҚК Бас штабының басшысы:

- Биылғы оқу-жаттығудың ерекшелігі Шанхай ынтымақтастық ұйымының жаңа мүшелерінің қатысуында. Ол Үндістан мен Пәкістан елдері. Яғни шараның ауқымы кеңейе түсті. 

Шанхай ынтымақтастық ұйымы әскери бірлестік емес, дегенмен, экстремизммен және терроризммен күресуге аса ден қояды. Сол арқылы ұйымға мүше елдерге қауіп төне қалған жағдайда, бірге төтеп бермек. 

Авторлары: Дана Нуржан, Александр Любителев

Осы категория бойынша: « Көкшетауда ел дамуына үлес қосқандар марапатталды Алматыдағы қорғаныс істері жөніндегі басқармада тіл мерекесіне арналған шара өтті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы