365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астаналықтарды қызыққа толы спорттық апта күтіп тұр

  • 195
  • UPD: 18:47, 03.09.2018
Астаналықтарды қызыққа толы спорттық апта күтіп тұр astana.gov.kz

Астана әкімдігінің ресми сайты 3-9 қыркүйекте өтетін мәдени және спорттық іс-шаралардың апталық жоспарын ұсынады.

3-9 қыркүйекте Тәуелсіздік сарайында ҚР Өнер Академиясының «Астана – арман қала» атты қолданбалы және көркемсурет көрмесі, «Ақанаевтар әулеті» жеке көркем көрмесі, ҚР Конституциясы мен  халықаралық ядролық сынаққа қарсы қозғалыс күніне арналған тақырыптық көрмелерге арналған «Қасиетті жерлерге саяхат», «Ата заң – ел тірегі, Астана – ел жүрегі» көрмесінде Павлодар суретшілерінің пленарлық жұмысы ұсынылады. Экспозицияға сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін баруға болады.

Осы күні Сәкен Сейфуллин музейінде «Қазақ елінің мақтаныштары» атты Білім күніне арналған фотокөрме өтеді.

6 қыркүйекте «Дәулет» СК грэпплинг және грэпплинг ги бойынша әлем чемпионаты мен біріншілігі басталады. Жарыс 9 қыркүйекке дейін  жалғасады.

Сондай-ақ осы күні «Астана Арена» стадионында сағат 20:00-де Қазақстан мен Грузия командалары арасында УЕФА ұлттық лигасының футболдан іріктеу матчы өтеді.

7 қыркүйекте «Mega Silk Way» ОСО алаңында таңертең «FIBA 3x3 ASIA QUEST FINAL» көше баскетболы бойынша халықаралық турнир басталады.

Ал кешкісін осы күні «Астана» концерт залында «Серпер» музыкалық театрландырылған қойылымын ұсынады. 

8 қыркүйекте сағат 11:00-де «Қазақстан» ОКЗ «Мерейлі отбасы» үлттық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі мен гала-концерт өтеді.

Осы 8 қыркүйекте Астанада Триатлон паркте «Салауатты отбасы – салауатты ұлт» отбасылық дуатлоны өтеді. Жарыс Астананың 20 жылдық мерекесі шеңберінде Отбасы күніне арналған.

Аптаның соңын «Жастар» сарайы ұжымының қатысуымен өтетін ҚР Конституция күніне арналған сарайдың жазғы алаңындағы күндізгі концерт аяқтайды.

Осы категория бойынша: « Forbes бәсекеге қабілетті өңірлердің рейтингін жасақтады «Хабар 24» іске қосылған 6 жыл ішінде арнаның өз аудиториясы қалыптасты »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы