365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысы мен Шымкентте жанар-жағармай тапшылығы жоқ

  • 178
  • UPD: 20:45, 03.09.2018

Ресейден жанар-жағармай тасымалдауға тыйым салынғанымен бұл Қазақстан нарығына әсерін тигізіп отырған жоқ.

Қайта еліміз көршілес Қырғызстанға бензин экспорттамақ. Алдағы үш айда Ресей Федерациясынан темір жол арқылы тасымалданатын бензинге рұқсат болмайды. Ал өңірлерде жанармайдан халық тапшылық сезініп отырған жоқ. Қазір басты сұранысқа ие АИ-92 маркалы бензиннің орташа бағамы 156-158 теңге аралығында саудалануда. 

Түркістан облысы мен Шымкент қаласының жылдық тұтынатын бензин қоры 80 мың тонна. Қазір жанармай бекеттерінде бензин тапшылығы жоқ. Көлік жүргізушілері қажетті сұйық отынын автокөліктеріне құйып алуда.

Нұрсұлтан Керішов, қала тұрғыны:

- 92 маркалы бензинді құямыз. Жақсы, Құдайға шүкір. Мәселе жоқ. Жанармай бекетіне келеміз, құйып кетеміз. Кезек деген жоқ.

Қанат Абдуллаев, қала тұрғыны:

- Отандық жанар-жағармай сапалы. Өзім құйып жүрмін, айдап жүрмін. Зиян көріп жатқан жоқпын.

Бұған дейін еліміздің энергетика министрлігі Ресейден жанар-жағар май тасымалдауға тыйым салу туралы айтқан болатын. Алдағы үш айда темір жол арқылы тасымалданатын  бензинге рұқсат жоқ. Дегенмен, импорт тоқтағанымен отандық жанармай үлесі нарықта өз орнын тапты дейді Шымкенттегі «Жанар-жағармай» қауымдастығының басшысы Қайыпбек Қамбаров.

Қайыпбек Қамбаров, жанар - жағармай қауымдастығының төрағасы:

- Еліміздегі үш зауыттың қазіргі таңға өздеріңіз білетіндей жылдың аяғында Шымкенттегі мұнай зауыты модернизацияны аяқтайды деген жоспары бар. Сол біткеннен кейін, өзіміздің мемлекетімізді толық жанармаймен қамтамасыз ете алады деген нәрсе бұл. Келешекте ешқандай алаңдау жоқ деп ойлаймын.

Алда еліміз Қырғызстанға бензин экспорттайды. Осы мақсатта тараптар келісімге қол қойды. Нәтижесінде қазаннан бастап, АИ-92 маркалы жағар-жанармайдың алғашқы партиясы айыр қалпақты ағайынға жеткізілмек. Бұл жайында «Қазмұнайгаз» акционерлік қоғамының басқарушы директоры Шухрат Данбай мәлімдеді. Оның айтуынша, елімізде жеткілікті деңгейде бензин шығарылады. Сондықтан біз ішкі нарықтың сұранысын қанағаттандыра отырып, өз өнімімізді өзге елдерге экспорттауға қауқарымыз жетеді дейді.

Шухрат Данбай, мұнай өңдеуші компанияның басқарушы директоры:

- Екі жақты келісім екі елге де пайдалы дер едім. Ал Павлодар зауыты авиациялық отын, жоғары сапалы реактивтік отын өндіруді жалғастырады. Қазірдің өзінде барлық әуе компаниялары өз өнімімізді тұтына бастады. Бұл ішкі нарықтағы баға құнына әсер етті. Нәтижесінде көтерме сауда бағасы 20-30 пайызға дейін төмендеді.

Сарапшылар елімізде бензин бағасы көтерілмейді деп отыр. Керісінше арзандауы мүмкін дейді. Мәселен, қазір Ақтөбе облысындағы жағдай тұрақты. Жағар-жанармайдың бағасында өзгеріс жоқ. Бұл туралы өңірге бензин жеткізуші компания филиалының директоры мәлім етті. Қазір ақтөбеліктер Атырау мұнай өңдеу зауытының өнімін тұтынып отыр. Себебі осы зауыт батыс аймақты жанар-жағармаймен қамтитын бірден бір кәсіпорын.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов

Осы категория бойынша: « Атырау облысында дала өрті өршіп тұр Елімізде «100 жаңа есім» жобасы жалғасын табады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы