369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда бір учаскелік дәрігерге 2 мыңнан астам адам қаралады

  • 146
  • UPD: 12:29, 11.09.2018
Петропавлда бір учаскелік дәрігерге 2 мыңнан астам адам қаралады

Петропавлда келер жылдың соңына дейін түрлі емханалардың қосымша сегіз филиалы ашылатын болады.

Шағын медициналық орталықтар мемлекеттік «Денсаулық» бағдарламасы аясында жүзеге асырылмақшы. Өйткені қазіргі таңда облыста бір учаскедегі жалпы тәжірбиедегі дәрігерге тұрғылықты мекен-жайы бойынша екі мыңнан астам адам қаралады екен. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жақсартудың жаңа консепциясына сәйкес бұл көрсеткішті енді 1 мың 700-ге дейін төмендету көзделіп отыр. Сондай-ақ келер жылдан бастап, ақ халаттылардың айлығы 20 пайызға артады. «Бұл бірінші кезекте өңірлерде дәрігер тапшылығын жоюға септігін тигізеді»,- дейді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Сұлтанғазиев.

Айта кету қажет, биыл Солтүстік Қазақстан облысында ауылды жерлерге жұмысқа орналасқан ақ халаттыларға алғашқы рет 1,5 миллион теңге көлемінде көтерме ақы берілді. Аймаққа 33 маман келді. Жыл соңына дейін тағы 20-сын тарту көзделіп отыр.

Тимур Сұлтанғазиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: 

- Мысалы, қазіргі уақытта облыс бойынша бізде 23 жалпы тәжірбиедегі дәрігерлердің тапшылығы бар. Осы механизм арқылы жаңадан оқуларын бітірген дәрігерлерді, немесе басқа облыстардағы дәрігерлерді тартып немесе басқа саладағы жұмыс істеп жатқан дәрігерлерді  тартып, осы жақтағы тапшылықты шешуге болатын болады.

Осы категория бойынша: « Ақтауда теңіз жағалауына қобыздың мүсіні орнатылды Сарапшы: Дамыған елдерде заң қабылданбас бұрын қоғам пікірі тыңдалады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы