365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда ата-енесін өлтірген қылмыскер 19 жылға сотталды

  • 125
  • UPD: 12:39, 13.09.2018
Оралда ата-енесін өлтірген қылмыскер 19 жылға сотталды КазТАГ

Оралда мамыр айында ата-енесін атып өлтірген Рустам Давлетшин 19 жылға сотталды.

Естеріңізге сала кетейік, қанды оқиға биылғы жылдың мамыр айында болған еді. Енді ол 19 жылын темір тордың ар жағында өтейтін болады және моральдық шығын ретінде зардап шегуші тарапқа 6 миллион теңге төлеуі тиіс. Сот төрелігінен бас тартқан айыпталушыға алқа билер кеңесі осындай үкім шығарды. Сотталушының кәмелетке толмаған баласы бар екенін, әрі I топ мүгедегі екені ескерілген. Алайда оған қатысты қасақана адам өлтіру және атыс қаруын заңсыз сақтау секілді екі бірдей бап бойынша іс қозғалған болатын. Шолақ аңшы мылтығын қылмыскер өткен жылдың желтоқсан айында сатып алған. Мамыр айының 10 күні ол бұрынғы әйелінің ата-анасының үйіне келеді. 60 жастағы анасы Ғалия Әбдірахманова оқиға орнында көз жұмады. Ал кеуде тұсынан жараланған күйеуі Ранил Әбдірахманов ауруханаға. жеткен бетте қайтыс болды. Қайтыс болғандардың қызы Надия Давлетшинаның айтуынша, олар 7 жыл бұрын бас қосқанымен бір шаңырақ астында тұра алмаған, ал қылмыстық оқиғаның алдында ғана олар ресми түрде ажырасқан.

Руслан Әминов, адвокат:

- Менің ойымша, бүгінгі шығарылған үкім заңды деп есептеймін. Біз онымен келісеміз. Әр жағынан неге десеңіз сотталушы Давлетшин екі адамды өлтірген, кінәлі болып есептеледі, сондықтан үкіммен келісеміз.

Осы категория бойынша: « Теміртауда «Тіл академиясы» атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды Ақмола облысында алдағы екі жылда коммуналдық тарифтер негізсіз көтерілмейді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы