365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада жалпықалалық сенбілік өтеді 

  • 185
Елордада жалпықалалық сенбілік өтеді  Устинка LIVE

Осы жылдың 10 қыркүйек 10 қазан аралығында Астана қаласының аумағында күзгі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша экологиялық айлық  өткізіледі, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осы жылғы 22 қыркүйек күні өтетін жалпықалалық сенбілікке 72 мың адам қатысады деп күтілуде, 2000-нан астам кәсіпорын мен ұйым, 46 жоғары оқу орны мен орта кәсіптік оқу мекемесі, 177 орта мектеп мен жалпы білім беретін мекеме, 58 денсаулық сақтау мекемесі, 146 мемлекеттік мекеме мен ұйымдар және кәсіпорындар, 520 бірлік мамандандырылған техника. Сенбілікке қатысушыларды қоқысты жинайтын арнайы (күрек, тырнауыш) жабдықтармен, қолғаптармен және қаптармен қамтамасыз етеді.

Жалпықалалық сенбілікке қалалық және республикалық мекемелердің қатысуымен 12 534 жаппай ағаш отырғызуды ұйымдастыру жоспарлануда. Бұдан басқа, 15 қыркүйекте біздің елорда «Дүниежүзілік тазалық күні» халықаралық экологиялық акциясына қосылады, онда әлемнің 150-ден астам елі және 380 млн жуық еріктілер қатысады. Осы акцияның бірегейлігі, акцияны өткізу барысында жиналған барлық қалдықтарды (араласқан қалдықтардан қайталама шикізатты бөлек жинау) сұрыптап, одан әрі қалдықтарды өңдеуге арнайы зауытқа тасымалданады. Жалпықалалық сенбіліктің басты мақсаты, қоғамның назарын астана қаласының көшелерін таза ұстау және экологиялық мәдениетін қалыптастыру. Көшелер мен аулаларды абаттандыруға үлесін қосқысы келетін тұрғындар және қала ұйымдастырушылары қатыса алады.

Осы категория бойынша: « Астанада мемлекеттік қызметкерлер арасында сайыс өтті Астанада қант тапшылығы болмайды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы