369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Мерейлі отбасы» байқауы. Қызылордалық үлгілі отбасы жас отау иелерімен кездесті

  • 230
  • UPD: 13:25, 15.09.2018

«Мерейлі отбасы» жалпыұлттық байқауының дипломанты атанған қызылордалық Ишанқұловтар отбасы сырбойылық жас отау иелерімен кездесті.

Облыстық кезеңде үздіктер қатарынан көрінген еңбек әулеті елорда төрінде Елбасының арнайы сыйлығын иеленген болатын. Берекелі шаңырақтың отағасы Ерғали Ишанқұл 32 жыл бойы тылда тер төгіп, төрт түлікті тең өргізсе, зайыбы Бахира 14 құрсақ көтерген «Алтын алқа» иегері. Қос тағдыр бір арнада табысқалы 60 жылдан асты. Содан бергі уақытта отаудың отын лаулатып, мерекесі мен берекесін тасытып келеді. Шөберенің қолынан су ішіп, шөпшек сүйген олар жас буынмен емен-жарқын шүйіркелесіп, тағылымға толы әңгіме тиегін ағытты.

Ерғали Ишанқұлов, «Мерейлі отбасы» жалпыұлттық байқауының дипломанты:

– Отан көбейсе, ел көбейеді, сондықтан көпбалалы болу керек. Еліміздің көбеюіне, дамуына жақсы. Мерейлі Қазақстанның отбасылары көбейе берсін.

Айнұр Тобаева, «Азаматтарға арналған үкімет» МК филиалы директорының орынбасары:

– Іс-шараның негізгі мақсаты – өсіп келе жатқан жас ұрпаққа өнеге көрсетіп, үлгі болу.

Осы категория бойынша: « «Заманай мен Аманай» ағылшын тіліне аударылды Б. Сұлтанов Алматы облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне барды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы