382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада қалалық туризм бойынша сегізінші жаһандық саммит өтеді

  • 946
  • UPD: 17:29, 18.09.2018
Астанада қалалық туризм бойынша сегізінші жаһандық саммит өтеді

Астанада келер жылы қалалық туризм бойынша сегізінші жаһандық саммит өтеді. Бұл туралы Сеулде өтіп жатқан жетінші басқосуда белгілі болды.

Жиында елорда әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев 50 елден келген 900 қатысушыға Астана туристік кластерінің келешегі туралы баяндап берді. Айтуынша, 2017 жылы өткен дүниежүзілік көрме Астанада туризмның дамуына зор серпін берген. ЭКСПО-дан кейін шаһарда заманауи көрме кешендері, жоғарғы дәрежелі қонақ үйлер мен өзге де туристік нысандар қалды. Қазіргі кезде бас қаламыз төңірегінде ұлттық қорықтар, түрлі ойын-сауық пен демалыс орындары көптеп ашылуда. Сондай-ақ Астанада «Ақылды қала» бағдарламасының енгізілуі туризмнің дамуына өз үлесін қосып отыр дейді шаһар басшысының орынбасары.

Ермек Аманшаев, Астана әкімінің орынбасары:

- Біз ойлаймыз мына халықаралық ұйымдардың, әсіресе мына туристік ұйымның, өзінің жанағы беделі бар ұйымның, Астана қаласында осындай туристік кластерді дамыту жөңіндегі саммитін Астана қаласында өткізуі бұл өте маңызды жағдай.

Хабар 24 телеарнасы