383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраудағы музейде Елбасы көрмесі ашылды

  • 664
  • UPD: 00:01, 19.09.2018

Атырауда музей, архив және кітапхана салаларының қызметкерлеріне арналған «Елбасы кітапханасының ақпараттық ресурстары» аймақтық кәсіби сессиясы өтті.

Шара барысында еліміздегі цифрландыру бағдарламасы бойынша «Музей» автоматтандырылған жүйесінің деректері негізінде алтын қордағы бүкіл деректер келуішілерге электронды жүйеде ұсынылды.

Бүгінгі кездесуде мамандар мәдени мұраларымызды рухани жаңғырту міндеттері тұрғысында зерттеу әрі насихаттау бойынша тәжірибе алмасу және кітапхана, архив, музей қызметіндегі ақпараттық технологиялардың дамуымен байланысты өзекті мәселелерді талқылады.

Күлайша Ақтаева, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы директорының орынбасары: 

- Ең бір құнды осы жинақтарымыздың бір бөлігі ол Елбасымыздың кітапханасы. 20 ғасырдың 60 жылдарынан бастап Елбасы өзі үйінде жинақтаған кітаптарын 1200-ден астам дананы біздің кітапханамыздың қорына берді. Ол енді негізгі қор болып есептелінеді. Қазіргі кезде біздің қорымызда 28 мыңнан астам сақтам бірлік кітаптар сақталынады.

Жиынға қатысушылардың назарына «Бір жәдігердің тарихы», «Музей коллекциялары» жобасын қамтитын «Музей жинақтары» ғылыми-қор музейтану бағдарламасы ұсынылды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы да  көпшілікке таныстыртырылды.

Жанат Жұмахметова, музей қызметкері:

- Бұл көрменің ең қызықты тұсы жалпы Н. Назарбаевтың мектеп жылдарындағы оқыған туындылары, кітаптары да ұсынылады. Соның ішінде Н.Назарбаев шетел классиктері оның ішінде орыс туындылары Пушкин, неміс классигі Гетенің және біздің қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туындыларына өте зерек мән қойып, терең мағына берген.

Қазіргі таңда Елбасы музейінде 28 мыңнан астам кітаптан бөлек мемлекет басшысы жеке пайдаланған 11 мыңнан астам жәдігер бар. Бұл көрнекі дүниелердің барлығы алдағы күндері Атырау халқының назарына ұсынылатын болады.  

Авторлары: Бекен Әлирахым, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы