366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Басты назарда – әлеуметтік ахуал

  • 180
  • UPD: 23:19, 07.10.2018

Жамбылдықтарды биылғы Жолдаудың қарапайым халықтың әл-ауқатын, тұрмыс-тіршілігі мен табыс көлемін арттыруға бағытталғандығы ерекше қуантып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

- Бізді шын қуантқан нәрсе – ұстаздар жайында қабылданатын заң. Егер осы заң ұстаздардың құқығын қорғауға, оның мәртебесін көтеруге байланысты жасалса, ұстаздың қоғамдағы мәртебесі көтеріледі.

- Отбасымызбен отырып көрдік. Ондағы мәселелердің ішінде бізге қатты ұнағаны – жастар жылы деп белгілегені. Жастардың әлеуетін көтеру, оларға жағдай жасау әркезде қажет. Осы тұста еңбек етіңізідер, осы жолда деп үлкен сенім мен жауапкершілікті бізге жүктеп отыр.

- Маған ұнағаны 1 қаңтардан бастап ең төменгі айлықты 1,5 есе көбейтеміз дегені . Ол көп адамға қолдау болды деп ойлаймын.

- Президенттің бұл Жолдауы барлығымызға ұнады. Халықтың әл-ауқатын, әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында мұғалімдердің де еңбегі, медицина саласының да еңбегі бағаланады. Кішкене айлықтарын көтеріп, тұрмыстарын жақсарту мақсатында сондай жағдай жасап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы