366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазпошта мерекелік маркалар шығарды

  • 159
  • UPD: 21:56, 09.10.2018
Қазпошта мерекелік маркалар шығарды

Қазпоштаның 25 жылдығына орай мерейтойлық маркалар шығарылды, деп хабарлайды «Хабар24».

Ол 4 маркадан тұрады. Барлығында поштаның тарихындағы ең маңызды сәттер бейнеленген. Мәселен, еліміздің алғашқы маркасы «Алтын Сарбаз», пошта және телеграф кеңсесіндегі алғашқы үйі салынған. Бүгінде компания жылына 80 млн-ға жуық клиентке қызмет көрсетеді, Астана, Қарағанды, Алматы, Ақтөбе қалаларында 6 цифрлық кеңсесі жұмыс істеп тұр. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында Астана және Алматы қалаларында е-commerce орталығы ашылды. Онда 1200-ден астам кәсіпкер онлайн сатуды қолға алды. Осы екі шаһарда 1 млн-ға жуық сәлемдеме жеткізілген фулфилмент-орталығы іске қосылды. 6 мыңнан астам қолданушы онлайн төлем жасау үшін post.kz сайтындағы электрондық әмиянды қолданады.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

– Пошта адамдар арасындағы байланыстың ең маңызды коммуникациялық құралы болған және осылай қала береді. Бұл ретте сіздер өте ауқымды жұмыс атқарып отырсыздар. Қазірдің өзінде Қазпошта – кең байтақ еліміздің әр түпкірін бір-бірімен байланыстырып отырған ең ірі оператор. Бастысы осы маңызды сала күннен күнге дамып келеді. Қазпоштаға заман талабына сай технологиялар енгізіліп жатыр. Бұл бағыттағы шаруалар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Хабар 24 телеарнасы