360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауыл шаруашылығы ел экономикасының жетекші саласына айналады

  • 106
  • UPD: 10:47, 10.10.2018

Ауыл шаруашылығы саласы ел экономикасының жетекші күшіне айналу керек. Негізгі міндет - еңбек өнімділігін және өнім экспортын 2 жарым есеге  арттыру межесі.

Елбасы өз Жолдауында аталған саланы дамытудың осындай басымдылықтарына ерекше тоқталды. Шығыс Қазақстан облысы жыл басынан бері шет ел нарығына 400 мың тоннаға жуық дәнді дақылдар шығарыпты. Олардың арасында  Испания, Италия, Түркия сынды елдер бар. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 250 мың тоннаға артық. Енді бұл әріптестікті одан әрі нығайту жоспарланып отыр. Өйткені биыл да аймақтың егістік алқаптарынан алар өнімі жаман емес, шамамен 770 мың тонна дәнді дақылдар жиналады деп жоспарлануда.  Оның 90 пайызы қамбаға құйылған. Жақында жиын терім толық аяқталады. Жалпы өлкедегі егістік басында 6 мыңға жуық техника жұмыс жасап жатыр. Шаруалар болса заман талабынан қалыспай жыл сайын шаруашылық құралдарын жаңартуға ынталы. Мәселен, Ұлан ауданында бұл мақсатта 275 миллион теңге қаржы жаратылыпты. Сонымен қатар  құны 300 миллион  теңгелік астық кептіргіш зауыт салынатын болады.

Ерлан Шораев, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы:

- Бізде бұл зауыт қуаттылығы күніне 20 тонна құрайды. Бұл зауытта жан-жақтан дәнді дақылдарды тасып әкеліп, сол жерде кептіріп жұмыс жасайтын боламыз, сонымен сәйкес аудан   агротехникалық жарақталуда. Аудан бойынша қазіргі күні 38 техника сатып алынды, трактор комбайн кептіргіш,сондай ауылшаруашылық құралдары.

Хабар 24 телеарнасы