366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Полицейлер Астанада үйсіз жүрген ер адамға туысқандарын тауып берді

  • 121
  • UPD: 16:15, 10.10.2018
Полицейлер Астанада үйсіз жүрген ер адамға туысқандарын тауып берді astana.gov.kz

Астаналық полицейлер туысқандарымен байланысы үзіліп қалған ер адамның жақындарын тауып беруге көмектесті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше 6 қазанда 48 жастағы ер азамат оларға жақын туыстарын тауып беруге көмектесуін өтінген, өйткені олармен байланысты үзіп алған. Ер адам елордада бір айға жуық үйсіз-күйсіз жүріпті.

Полицейлер ҚР ІІМ жедел анықтама қызметі бойынша іздестіру шараларын өткізді. Нәтижесінде оның жақын туыстары Түркістан облысы Түлкібас ауданы Вановка поселкесінде тұратындығы анықталды.

Тәртіп сақшылары оның туыстарымен телефон арқылы байланысқа шықты. Туыстары ер азаматты өздеріне жіберуін, оны автовокзалдан күтіп алуға уәде берді.

Сол күні полицейлер оған «Астана – Шымкент» қалааралық рейстік автобусына жолақы билетін алып беруге көмектесті.

Полицейлердің айтуынша, ер азамат айтылған жерге дейін барып жеткен және туыстары күтіп алған.

Хабар 24 телеарнасы