360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Байқоңырдан «Союз МС-10» ғарыш кемесі ұшырылады

  • 326
Байқоңырдан «Союз МС-10» ғарыш кемесі ұшырылады

Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз-ФГ» зымыран тасығышы «Союз МС-10» ғарыш кемесін орбитаға алып ұшады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Гагариндік старт» алаңынан Астана уақытымен 14:40 шамасында аспан кеңістігіне жол тартатын кеме экипажы құрамына ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен NASA астронавты Ник Хейг кіреді. Сондай-ақ қосымша ғарышкер ретінде Олег Кононенко мен Давид Сен Жак тіркелген. Зымыран халықаралық ғарыш станциясына бес қорапқа салынған жүз келіге жуық жүк жеткізеді. Азық-түлік, тұрмыстық заттардан бөлек, түрлі зерттеулерге қолданылатын «Магнитті ЗD биопринтер» құрылғысын ала барады. Экипаж мүшелерінің галактикадағы сапары 270 тәулікке созылады деп жоспарланып отыр. Көк сеңгірге самғайтын алып зымыранның ұшуын тамашалау үшін Байқоңырға үш жүзден астам турист келген.

Оксана Махр, турист:

– Менің Байқоңырға алғаш келуім. Ғылым мен технология ұштасқан алып космодромды көру мен үшін үлкен бақыт. Байқоңырға жету жолдары, инфрақұрылымы көңілімнен шықты. Кешелі бері ғарыш айлағының тарихына қанықтым, енді зымыран ұшырылымын, яғни өмірімдегі тарихи сәтті тағатсыздана күтіп жүрмін.

Хабар 24 телеарнасы