360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

7-20-25 бағдарламасы. Атырауда қырыққа жуық адам пәтер алған

  • 169
7-20-25 бағдарламасы. Атырауда қырыққа жуық адам пәтер алған

«7-20-25» бағдарламасы Атырау облысында да баспана мәселесін шешуге оң ықпал етуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақтағы құрылыс қарқыны соңғы екі жылдан бергі рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл баспана нарығындағы бағаның төмендеуіне мүмкіндік береді дегенге сенім мол. Қазірге дейін бағдарлама бойынша Атырау қаласында қырыққа жуық адам пәтер алып үлгерді. Биыл өңірде 44 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. Бұл – 3892 пәтер. 34 үй жыл аяғына дейін қолданысқа беріледі. Қазір тоғыз қабатты тағы 70 тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр.

Мәлік Аманов, облыстық құрылыс басқармасының басшысы:

– Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауындағы көрсетілген, «7-20-25» бағдарламасы Атырау облысында қарқынды жұмыс жасап жатыр. Қазіргі таңда Атырау облысы бойынша 80 өтінім банкке түсіп, оның 55-і мақұлданып, 38 адам нақты несиеленді.

Хабар 24 телеарнасы