366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Халықтың тұрмысын арттыруға отандық кәсіпкерлер де атсалысуда

  • 123
Халықтың тұрмысын арттыруға отандық кәсіпкерлер де атсалысуда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында Үкіметке келер жылдан бастап, ең төменгі жалақыны 1,5 есе өсіруді тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Және бұл іске ірі бизнес иелерін атсалысуға шақырып, еңбеккерлердің нәпақасын арттыруға үндеген. Бастама ел кәсіпкерлері тарабынан қызу қолдап тапты.

Александр Машкевич, кәсіпкер:

– Халыққа ай сайын алатын жалақысы маңызды. Алар алдында қайда жұмсарларын жоспарлап қояды. Сол себепті, Елбасының еңбек табысын арттыру туралы хабарын қуанышпен қабылдады деп білемін. Біз жақын арада Жолдау жүктеген міндетті жүзеге асыра бастаймыз. Арнайы жоспар құрып, компаниямыздағы табысы төмен еңбеккерлердің тізімін жасап, айлықтарын өсіретін боламыз. Сонымен қатар жұмысшыларымызды арнайы шарт негізінде баспанамен де қамтып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы