389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астаналық кәсіпкер жылыжай көлемін ұлғайтпақ

  • 615
  • UPD: 11:44, 15.10.2018

2022 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2 жарым есеге көбейту.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында осындай міндетті қойған болатын. Осыған орай кәсібінен нәсіп тауып отырған бизнес иелеріне қолдау көрсетіліп, берілетін несие көлемі де артады.

Елорда тұрғыны Нұржан Тоқтарбек осыдан екі жыл бұрын жылыжай шаруашылығымен айналысуға бел буды. Осылайша інісі екеуі арнайы жоспар құрып, көктем мезгілінде жылыжай құрылысын қолға алды. Қажетті ақпаратты ғаламтор беттерінде іздеп, шаруашылықты дамыту жолдарын жан-жақты зерттеді.

Нұржан Тоқтарбек, жылыжай иесі:

- Шыны керек, 10-20 кг шықса, соған қанағат деп ойладық. Отырғызғаннан кейін бізде қияр да, қызанақ та көп болды. Қиярдан күніне 40 кг жинап отырдық, қызанақтан 30 кг. Оның көбісін жинап үлгермедік, туыстарымыз келіп көмектесіп отырды.

Алғашқы кезде өнімді сату үшін ғаламторға жарнама жарияланған. Кейін түрлі сауда орталықтарының иелері қызығушылық білдіріп, жылыжай жұмысымен танысты. «Бүгінде келісім жасалған дүкендерді қияр және қызанақпен толық қамтамасыз етіп отырмыз», – дейді Нұржан.

Нұржан Тоқтарбек, жылыжай иесі:

- Еліміз қай сала да дамып жатыр. Мысалы, біз осы жолы 40 кг қияр алсақ, бұйыртса, болашақта 400 кг қияр алғымыз келеді. Соған арнап жылыжайымызды да үлкейткіміз келеді. Оған несие алып бастауға дайын отырмыз.

Жылыжайларды дамыту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Себебі өзге елден жеткізілген өнім бағасы ел тұрғындары үшін қымбатқа түсетіні анық. Өз кезегінде жас кәсіпкер Нұржан Тоқтарбек те келесі жылы өнім көлемін арттырып, отандық нарықты сапалы тауармен қамтамасыз етуді көздейді.

Авторлары: Айнұр Ақылбайқызы, Ержан Қанапияұлы

Хабар 24 телеарнасы