386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада кәсіпкерді атқан қылмыскерлер жазасы жеңілдетілді

  • 335
  • UPD: 16:07, 16.10.2018

Астананың қақ ортасында тапа-тал түсте кәсіпкерге тапаншамен шабуыл жасаған қылмыскерлердің жазасын өтеу мерзімі 2 жылға қысқартылды.

Осыған дейін жалпы 40 жылға сотталғандардың қорғаушылары оларға қатысты қылмыстық істі жеңілдетіп, «бұзақылық» бабына өзгертілуін сұраған болатын. Алайда қаскүнемдердің ісі бүгін Жоғарғы сотта қайта қаралып, «адам өлтіруге талпыну» бабы бойынша өзгеріссіз қалдырылды. Басына үш оқ тиіп, өлім аузынан аман қалған жәбірленуші Олжас Мұқажанов аталған сот үкімімен келісіп отыр. Естеріңізде болса, осыдан шамамен 3 жарым жыл бұрын Елорданың сол жағалауында күндіз сауда орталықтарының бірінен досымен бірге шығып келе жатқан Олжас Мұқажановқа медициналық бетперде киген үш адам бір метрдей жерден травматикалық қарудан оқ жаудырған. Үш қаскөйдің әрқайсысы 14 жылға сотталып, атышулы іске 2015 жылы нүкте қойылған еді. Қастандыққа тапсырыс беруші досы Ерлан Анарбекке қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті іс қозғаған болатын.

Олжас Мұқажанов, жәбірленуші:

- Мен Жоғарғы Соттың соңғы үкімін әділ деп санаймын және кінәлілерге белгіленген жазаға қатысты наразылығым жоқ. Менің ісім бойынша судьялар  «адам өлтіруге талпыну» бабын, айыпталған тараптың «бұзақылық» бабына өзгерту туралы аппеляциялық өтінішін қанағаттандырмай, өзгеріссіз қалдырды. Іздеуде жүрген қылмыскер Ерлан Анарбекті Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының қызметкерлері жуырда қолға түсіреді деген сенімдемін.

Хабар 24 телеарнасы