384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жуық арада 2,5 млн халық интернетті қолдануға мүмкіндік алады

  • 355
  • UPD: 21:55, 17.10.2018

Бұл үшін арнайы жоба шеңберінде еліміздегі 1249 ауылға сапалы интернет жеткізу жоспарланып отыр.

Елбасы жолдауын түсіндіру мақсатында Шығыс Қазақстан облысына барған Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев осылай деді. Өскеменде өткен жиында сала басшысы Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауындағы басым бағыттарға жеке тоқталып, олардың әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын атады. Дәурен Абаев, әсіресе мемлекттік қызметті автоматтандыру және цифрландыру мәселесіне ерекше назар аударды. Министр бұл ретте мемлекеттік қызмет түрлері қолжетімді әрі қарапайым болуы керектігін айтты. Және қазір бұл қызметтің 90 процентін электронды форматқа ауыстыру тапсырмасы тұрғанын әрі оның міндетті түрде орындалатынын жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы