386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да 16 мың адам көлік салық төлемеген

  • 384
  • UPD: 13:35, 22.10.2018
БҚО-да 16 мың адам көлік салық төлемеген

Батыс Қазақстан облысында әкімшілік айыппұлдарды төлемей, салықтан жалтарып жүрген жеке тұлғаларға қарсы белсенді іс-шаралар басталды.

Ішкі істер және Мемлекеттік кірістер департаментінің бірлескен рейдінің алғашқы күні 8 азаматтың көлігі айып тұрағына жеткізілді. Ал жалпы жыл басынан бері 779 оралдықтың темір тұлпары көшеде тоқтатылып, қамауға алынған. Оның 521-і жалпы сомасы 26 миллион теңге әкімшілік айыппұлдарды төлемей жүрсе, 224-нің жылу мен жарыққа және салыққа 795 миллион теңге берешегі бар екен. Қарыздың қомақты бөлігін көлік салығы құрайды.

Тимур Төлепов, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:

- Көлік салықтары бойынша бережақтары бар тұлғаларға хабарлама таратылды. Енді борышкермен оны 30 жұмыс күні ішінде өтеуге міндетті. Егер оны төлемеген жағдайда салықтық бұйрық шығады. Ол салықтық бұйрық орындалмаса, 5 жұмыс күні ішінде бұл салықтық бұйрық сот орындаушыларға мәжбүрлі түрде орындауға жолданатын болады.

Хабар 24 телеарнасы