384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Смағұл: Қазақстан бойынша 6 мың адам әскер қатарынан қашып жүр

  • 679
  • UPD: 14:08, 25.10.2018

Жастарды ауылға тартып, жұмыспен қамтуға бағытталған «Дипломмен ауылға!» жобасын қаржыландыруды арттыру қажет.

Осы арқылы шалғайдағы елдімекендердегі білім, медицина саласындағы кадр тапшылығын жоюға болады.  Өңірде ауылда жұмыс істегісі келетін жас мамандар бар. Бірақ мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға қаржы жеткіліксіз. Жамбыл облысының жастарымен Мәжіліс депутаттары осылай дейді. Сондай-ақ, депутаттардың айтуынша жастар мемлекеттік бағдарламалар беріп отырған мүмкіндіктерді жетік білмейді. Оларды баспанамен, жұмыспен қамтуға бағытталған жобаларды жіті түсіндіру керек. Ал халық қалаулысы Бақытбек Смағұл  жастарға көңілі толмайтындығын жеткізіп, әскерге баруға шақырды.

Бақытбек Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бүкіл Қазақстан бойынша 6 мың адам әскер қатарынан келмей қашып жүр. Масқара сұмдық дүние. Қазіргі мысалға қатысып отыр. Бір жалынды жастар жоқ. Әлі де болса самарқау, ұйқылы ояу. Адам сергек болу керек. Ояну керек. Ой алу керек. Сонда барып оның ізінен бой алатын азаматтар болады. Әрине барлығы емес. Көптеген білімді азаматтарымыз бар. Бірақ ішінде кішкене өкінішке орай осындай бар. Жастар жылы дегеннен кейін сол жастардың бастау алдында тұратын өздері болуға тиісті.

Хабар 24 телеарнасы