383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада жыл басынан жедел жәрдем қызметіне 470 мың қоңырау келіп түскен

  • 295
  • UPD: 08:50, 26.10.2018

Биыл диспетчерлер қабылдайтын шағымдар шұғыл және жедел болып жік-жікке бөлінді.

Алайда бұдан «103» қызметіне түсетін ауыртпалық жойылған жоқ.

Жедел жәрдем станциясында телефонға дамыл жоқ. Мұндағы жұмыс та тынымсыз. Тәулігіне 2,5 мыңдай шағым келіп түседі екен. Оның 30 пайызы емханаларда орналасқан шұғыл жәрдем бөлімшелеріне бағытталады.

Назгүл Нұрбекова, Астана қаласы жедел жәрдем станциясының диспетчері:

– Науқастардың дені – кішкентай балалар. Ыстығы көтерілгені үшін шақырады. Емханаға аналары барғылары келмейді. Сондықтан бізді шақыртып жатады. Әсіресе, түнгі уақытта шақыртулар көбейеді.

Медициналық көмек сұрағандар 4 санат бойынша қабылданады. «103» бригадалары алғашқы 3 топтың өкілдеріне, яғни ауыр халде жатқан, шұғыл көмекті қажет ететін науқастарға ғана барады. Ал басы ауырып, қызуы көтерілгендер және созылмалы дертке шалдыққан 4-санаттағы адамдар емханада қаралады.

Бота Садетхан, Астана қаласы жедел жәрдем станциясының диспетчерлік бөлімінің меңгерушісі:

– Қазақстанда жедел жәрдемді көбіне шақырады, егер статистикаға жүгінетін болсақ, 20 пайызы – дене қызуы көтерілген науқастар, олардың 4 пайызы ғана ауруханаға жатқызылады. 20 пайызы іш ауруымен шақырады.

Жыл басынан бұл станцияның диспетчері бас-аяғы 470 мың қоңырау қабылдаған. Негізі бұл мамандар – медицинаны ғана емес, адам психологиясын да жіті меңгерген адамдар.

Авторлары: Индира Тегжанова, Ержан Рахманбердиев

Хабар 24 телеарнасы