386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте медициналық қызмет сапасы артады

  • 542
  • UPD: 13:24, 02.11.2018
Шымкентте медициналық қызмет сапасы артады

«Медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болып саналады. Ең алдымен, әсіресе ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажет».

Бұл – Елбасы жолдауында айтылған медицина саласындағы басым бағыттардың бірі. Осы мақсатта Шымкенттегі жоғары медицина колледжінде студенттерге халықаралық симуляциялық оқыту курстары өткізілді. Осыған орай медицина мамандарын дайындайтын колледжге Ресей Федерациясының Якутия елінен келген оқытушылар студенттерге дәріс берді. Ал ұстаз мамандар өзара тәжірибе алмасты. Бұл оқыту курсы, Елбасының үштілдік қағидасы бойынша, барлық сабақтар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілді. Қазіргі уақытта Шымкент жоғары медицина колледжінде 8 медициналық және фармацевтикалық мамандықта 1 мың 655 студент білім алуда.

Сейітжамал Пакеев, жоғары медицина колледжінің директоры:

- Біздің колледж халықаралық байланастырды бұрыннан жолға қойған. Ресейдің медицина саласындағы мамандарын шақырып отырмыз. Олардың пікірінше, біздегі оқу базасы мен студенттермен жұмыс жасау тәсіліміз көңілдерінен шығыпты. Енді біз өз студенттеріміз бен оқытушыларымызды шетелге біліктілігін арттыруға жіберетін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы